Нәтижесінде, EXPO нысандарын салатын бас мердігерлер осы өңірдегі 10-ға жуық кәсіпорынмен құрылысқа қажетті тауарлар сатып алу жөнінде келісім жасады.
«Қазақцемент» зауыты – Шығыс Қазақстанның Жарма ауданында орналасқан кәсіпорын. Ол осыдан 3 жыл бұрын «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында іске қосылған.
Мұнда «құрғақ тәсілмен» цементтің бірнеше түрі шығарылады. Зауыт өкілдері алдағы уақытта өнімдерін Астана қаласына да жеткізіп, EXPO-2017 құрылысына қатысуды жоспарлауда.
Берік КӨШЕРБАЕВ