Астана қаласының әкімдігі «EXPO-2017» көрмесін өткізуге көмек көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының әкімдігі «EXPO-2017» көрмесін өткізуге көмек көрсетеді

26.11.2014
Астана қаласының әкімдігі «EXPO-2017» көрмесін өткізуге көмек көрсетеді

Құжат көрмеге дайындық жұмыстарын Ұлттық компанияға қала әкімдігімен бірге жүргізуге мүмкіндік береді.

Оған сәйкес, қала әкімдігі көрмеге келетін қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды қабылдайтын қонақүйлердің қызмет сапасының жоғарғы деңгейде болуына жауап береді.

Сонымен қатар, көрмені ұйымдастыруға көмектесетін еріктілердің қызметін қадағалайды.

Кездесу барысында қос тарап көрме кешені нысандарын салу, қалалық және қоғамдық көлік жүйесін дамыту мәселелеріне жіті тоқталды.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу