EXPO көрмесінен қалған мұралар (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO көрмесінен қалған мұралар (ФОТО)

29.07.2014
EXPO көрмесінен қалған мұралар (ФОТО)

Қазіргі уақытта елімізде 2017 жылы өтетін EXPO көрмесін өткізуге дайындық жүргізілуде.

«Халықаралық көрмені өткізуде Қазақстанның экономикалық пайдасы мол болмақ», дейді мамандар.

Бүгінде Қазақстан жалпы аумағы 174 гектарды құрайтын көрме кешенін салуға кірісіп кетті. Бұл жерлерде жалпы көлемі миллион шаршы метрден асатын нысандар бой көтермекші.

Көрмені бұған дейін өткізген әлем елдерінде бүгінгі күнге дейін қандай нысандар сақталып қалды?

Бүкіләлемдік көрмелер тарихы 1851 жылы Лондонда өткізілген «Барлық халықтардың өндірістік жұмыстарының ұлы көрмесінен» басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасуда.

Оны өткізу үшін Гайд-паркте  шыны мен болаттан «Хрусталь сарайы» көрме залы салынды. Көрмеге 6 миллион адам келді. Әр елден әкелінген 13 мың экспонаттың арасында локомотивтер, ауылшаруашылық машиналары, кемелерге арналған бу қозғалтқыштары болды.

Хабарламаларға жазылу