Астана қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының мәселесі қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының мәселесі қаралды

11.04.2014
Астана қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының мәселесі қаралды
EXPO-2017 халықаралық көрмесіне дайындық   шаралары аясында бүгін Сарыарқа ауданы әкімдігі мен Көрмені дайындау және оны өткізу жөніндегі дирекция қаладағы шағын кәсіпкерлік өкілдерімен кездесіп, әзірліктерін пысықтады.
 
Мамандар Астана қаласындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің мәселесін талқылады. Алдағы уақытта мейрамхана мен асханалардағы қызмет көрсету сапасын арттыратын шаралар қолданылмақ.
 
Атап айтқанда, даяшылар бірнеше тілді меңгерулері керек. Бастысы, ұлттық тағамдардың дәмді болып шығуына мән беріліп отыр.
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу