Астанада электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 74 пайызға өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 74 пайызға өскен

22.02.2019

Осылайша тұрмыстық жемқорлық көлемі 3 есеге азайған. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаменті жұмысында белгілі болды. Бүгінде агенттіктің қолдауымен құны 10 триллион теңгеден асатын 265 бизнес жоба іске асырылған. Олардың негізі пара алумен күреске бағытталған. Ал, мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс істемеуі үшін 30 шақты органда бақылау жүйесі орнатылыпты.

Жазира Жылқышиева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департамент басшысы:

- «Цифрлық агент» деген мобильді қосымша былтыр жасалған болатын. Ол ХҚКО-лардың қызметін бақылап, бірден сұраққа жауап беретін. Енді биыл оны ауруханаларға, емханаларға, әлеуметтік сала бойынша мемлекеттік органдарға енгізіп жатыр.

 Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу