Электронды қызмет- ел игілігіне

19.02.2019

Жамбыл облысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері электрондық жүйеге көшірілуде. Әсіресе, «Адалдық алаңы» жобасы аясында іске қосылған «Digital Agent» жүйесі сәтті жүзеге асырыла бастады.

Тың бастама тұрғындарға көрсетілетін қызметтерді оңайландырып, сапасы мен қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған. Осының арқасында әрбір азамат өзіне көрсетілген қызметке баға беріп, қанағаттанбаған жағдайда шағым түсіріп, дер кезінде жауап ала алады. Өткен жылы аймақта мобильді қосымша арқылы халықтан 200-ге жуық шағым түсіп, тиісті жауап берілген.

Равиль Төлебаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің департамент басшысы:

- Заң жүзінде әрбір шағымның қаралу мерзімі 15 күнге дейін баратын болса, осы «Digital Agent» арқылы дер кезінде әрбір шағымды 1 күннің ішінде қарастыратын боламыз.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу