Мүгедектерге электронды қызмет көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүгедектерге электронды қызмет көрсетіледі

20.12.2017

«Цифрлы Қазақстан» жобасын жүзеге асыруды жеделдету керек. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Әсіресе, халыққа қызмет көрсету жүйесін дамыту басты назарда. Осы мақсатта «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы құрылған болатын. Қазір қызметтердің 85 пайызы мемлекеттік корпорацияға берілген. Алғашқы нәтиже жаман емес. Бірақ, цифрлық әлем жылдам өзгеруде. Осы орайда Үкімет басшысы әлемдік үрдістерден қалып қоймау керектігін қатаң ескертті. «Әйтпесе, жоспарлап, дайындап екі жылдан кейін іске асырамыз деген жұмыстарымыз түкке тұрғысыз болып қалуы мүмкін», деді. Осы орайда жоспардың ішінде орындалуы бойынша ең соңында қалып қойған - мүгедектерге көрсетілетін қызметті екі жыл күтпей, жақын арада шешуді тапсырды.  

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрі:

- «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қабылдадық деп бүкіл дүниеге баяндадық. Ал, жарымжан адамдарға қызмет көрсетуді ең соңына ысырып қойып отырмыз. Дұрыс па, осы? Жоқ, менің ойымша, дұрыс емес. Сол себепті, осы мәселеге баса көңіл бөлу керек.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу