Ақордада денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық пен «Цифрлық Қазақстан - 2020» бағдарламасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақордада денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық пен «Цифрлық Қазақстан - 2020» бағдарламасы талқыланды

15.09.2017

Денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық пен «Цифрлық Қазақстан-2020». Осы екі мәселе Ақордада талқыға салынды. Президент жанындағы Жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының отырысына Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова төрағалық етті.

«Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел дамуында әлеуметтік маңызды, басым бағыттарының бірі ретінде денсаулық сақтау саласын атап өтті. Мемлекет басшысы дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдары саласындағы жағдайды реттеп, тәртіп орнату қажеттігіне айрықша көңіл аударды», - деді комиссия төрайымы. Елімізді цифрландыру да - өзекті мәселелердің бірі. Алдағы уақытта Қазақстанды цифрландыру жөніндегі арнайы комиссия құрылады. Елбасының бұл науқан кезінде халықтың ақшасы желге ұшпауы тиіс екенін ескерткені ерекше атап өтілді.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу