Жамбыл облысында қант қызылшасын жинау жұмысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында қант қызылшасын жинау жұмысы басталды

04.11.2015
Жамбыл облысында қант қызылшасын жинау жұмысы басталды
Еліміз бойынша қант бағасы күрт өсіп барады.

Қысқа мерзімнің ішінде бір келі құмшекердің құны 163 теңгеден 205 теңгеге артты. Мамандардың айтуынша, қызылша өсіру қазақстанда кенже қалғандықтан тәтті астың бағасы өскен.

Мәселен 2011 жылдан бастап республика бойынша қант қызылшасының өнімі 88 пайызға төмендеген. Енді бұл олқылықтың орнын Жамбыл облысының шаруалары толықтыруға күш салмақшы. Биыл өңірде 5300 гектер алкапқа тәтті түбір өсіріліп, қазір бағалы дақылдың қарқынды жиналуы соның бастамасы.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу