Сыңғырла, соңғы қоңырау! (БЕЙНЕБАЯН) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыңғырла, соңғы қоңырау! (БЕЙНЕБАЯН)

26.05.2019

Сыңғырла, соңғы қоңырау, 
Тілегің болсын түлекке.
Сиқырлы үнің күш берсін, 
Үлпілдеп тұрған жүрекке! 

Осы апта ел түлектерінің есінде елеулі оқиғамен қалды. Кеше мектеп бітіруші оқушылар үшін соңғы қоңырау соғылды.

Сөйтіп, 140 мыңнан астам оқушы алтын ұя мектептерімен қоштасып, үлкен өмірге қанат қақты. Енді бірер аптадан кейін түлектерге салтанатты түрде 11 жыл бойы білім алғандығын куәландыратын аттестаттар табыс етіледі. Бірақ оған дейін түлектер 11 жыл оқып-білгендерін, жадына түйгендерін түйіндеп, тест тапсырады. Алда, білім бәйгесі. Оған биыл 77 мың түлек қатысады. Сонымен, дәл қазір көзге мұң, көңілге қимастық әкелер соңғы қоңырау салтанатынан бейнебаян қараңыз. Абайдың өлеңімен өріп, жас түлектерімізге айтарымыз: «өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап»!

Хабарламаларға жазылу