Онлайн несие беретін компаниялар опық жегізіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Онлайн несие беретін компаниялар опық жегізіп жатыр

21.04.2019

Заманмен бірге қулық-сұмдық пен құрық бойламайтын қитұрқылықтың да жетіліп, дамып отыратыны қызық. Қызық емес-ау, қып-қызыл шыжық. Қазір бұқараны қаржылай қиындықтан оңай құтқаратын ұсақ қаржылық ұйымдар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Қармағына бір ілініп, қақпанына бір түссеңіз болды. Қиямет-қайыммен әупірімдеп барып бір шығуыңыз мүмкін.

Бастапқыда «оңай олжа» көрінетін бұл тәсіл - онлайн немесе жедел несие деп аталады. Кез келген ересек адам қажетті сомасын қиындықсыз сұратып алады. Дегенмен, қарызды қайтарар кезде төлемнің төркіні тағдыр тауқыметіңізді талқандай жаздайды. Себебі, пайыздық мөлшерлемесі тым жоғары. Соған қарамастан бұл қызмет түріне күні түсетіндердің қарасы қалың. 

Тек өткен жылы ғана 1 миллион 600 мың адам жалақыға дейін қарыз беретін компаниялардан ақша алған. Экономистердің зерттеуі бойынша, бұл сан 2020 жылы 2,5 миллионға дейін өседі. Көбінесе, жедел қарызды несие тарихы нашар адамдар және жастар алады екен. Несиенің қайтарымсыз қарызға айналып кетуі тұрғындарды психологиялық күйзеліске де ұшыратады,- дейді мамандар. Бұл неткен батпан құйрық, айдалада тегіннен тегін жатқан құйрық! Талайды орға жыққан онлайн несиенің тетіктері мен қиұрқылықтарын Оңғар Алпысбайұлы зерттеп көрді.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу