«Adal» партиясының төрағасы «Amanat» пен «Adal»-дың бірігуі туралы пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Adal» партиясының төрағасы «Amanat» пен «Adal»-дың бірігуі туралы пікір білдірді

17.03.2022

«Amanat» пен «Adal» партиялары бірігеді. «Жаңа Қазақстан» құруға белсенді қатысып, оң өзгеріске үлес қосу мақсатында адалдықтар осындай шешім қабылдады. «Халыққа берген уәдеміз аяқсыз қалмайды»,-деді партия өкілдері. Керісінше, елдің табысын арттыру, әр ауылдың мамандану картасын әзірлеу, әкімдерді әдістемелік қолдау сынды жүйелі жұмыстар «Amanat» партиясымен бірлесе отырып, жалғасын табады. .

Серік Сұлтанғали, «Adal» партиясының төрағасы:

Ол кісілер қолдады мұндай шешімізді. Сондықтан бүгін жиынымызда Президент Үндеуінен кейін бәріміз ақылдасып, өзіңіз көрдіңіз, әркім өз пікірін айтып, бірауыздан деп айтсақ болады, осындай ұсыныс жасаймыз. Мұның бәрі қазіргідей қиын жағдайда бізге керек нәрсе.


Хабарламаларға жазылу