Семейдегі макарон фабрикасы тауарларын шетелге экспорттауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдегі макарон фабрикасы тауарларын шетелге экспорттауда

02.01.2015
Семейдегі макарон фабрикасы тауарларын шетелге экспорттауда

2010 жылы ашылған өндіріс өнімнің бірнеше түрін дайындайтын кәсіпорын қуаттылықты арттыруды мақсат етуде.

Төрт жыл бұрын ашылса да, табиғи таза өнімдер тұтынушы көңілінен шығып үлгерді.

«Мұндай жетістік Үкімет қолдауынсыз іске асуы мүмкін емес еді», дейді фабрика директоры.

Үкіметтен жаңа құрылғылар алуға, өндірісті іске қосуға 171 миллион теңге қаржы бөлінген.

Жеңілдетілген несие қазір біртіндеп қайтарылып жатыр. Фабрика жылына 500 мың тонна өнім шығарады.

Алайда өнімге деген сұраныс одан жоғары. Сондықтан өндірістің ендігі мақсаты, қуаттылықты артыра түсу.

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу