Оңтүтстік Қазақстан облысының бағбандары өнімдерін шет елдерге саудалауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүтстік Қазақстан облысының бағбандары өнімдерін шет елдерге саудалауда

08.09.2015
Оңтүтстік Қазақстан облысының бағбандары өнімдерін шет елдерге саудалауда

Сондай-ақ, өңiр басшысы Мақтааралда индустриалды аймақтағы кәсiпорындардың жұмысын көрді. Бұл жерден 12 қайта өңдеу кәсiпорнын салу жоспарланған. Бейбiт Бәкiрұлы ауданға инвесторлар тарту үшiн инфрақұрылымдық жүйелердi жаңғырту қажеттiгiн баса айтты.

Облыс әкiмi ауызсу құрылысымен танысу барысында осы мәселелерге баса назар аударды. Облыс әкiмi мақталы аймақтың шаруаларымен кездестi.

Олар биыл 94 мың гектардан 230 мың тонна өнiм алуға ниеттенiп отыр. Оның 100 мың тоннасы шетелге экспортталады. Ж.Ералиев ауылдық округiндегi «Ақ алтын» АҚ-ына қарасты мақта қабылдау бекетiнде орналасқан «Луи дрейфус Коммодитиз Қазақстан» серiктестiгiнiң жұмысымен танысу барысында биыл мақтаның 1 келiсi жылдағыша 70 теңгеден емес, 100 теңгеден қабылданатыны белгiлi болды. Облыс басшысының бұл шешiмiне аймақтың мақташылары дән риза.

Шаруалар үшiн өзектi болып отырған тағы бiр мәселе -– субсидия. Қазiр 1 гектар жерге берiлетiн субсидия көлемi 20 мың теңгеден аспайды. Оның өзiн кәсiпкерлер екi бөлiп алады. Облыс әкiмi мемлекет тарапынан берiлетiн көмектiң көлемiн ұлғайту үшiн Ауыл шаруашылығы министрлiгiне ұсыныс жолдайтынын жеткiздi.

Ауданда мақта алқабын 28 мың гектарға қысқартып, шаруашылықты әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. «Арсенал сад» және «Қаршыға тау» шаруа қожалықтары суды үнемдеу үшiн бау-бақшасына Еуропадан әкелiнген көшеттер егiп, тамшылатып суару технологиясын пайдалануда.

Олар алдағы екi жыл iшiнде жемiс сақтайтын қойма салмақ. Сыйымдылығы 1300 тонналық қойманың құрал-жабдықтарын Италиядан сатып алу үшiн келiсiмшарттар қолға алынған.

Шаруа қожалықтар жүзiм, алма, алмұрт, қауын егiп, өнiмдi шетелге экспорттауда. Жемiстерiн шетелдерге экспорттап, отандық өнiмге сұранысты арттырған кәсiпкерлерге облыс әкiмi алғысын бiлдiрдi.

Хабарламаларға жазылу