Владимир Путин: Керчьтегі трагедияға ғаламдану да кінәлі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Владимир Путин: Керчьтегі трагедияға ғаламдану да кінәлі

21.10.2018

Бала тәрбиесінде жіберген кішкентай қателік ертең орны толмас өкінішке апарып соқтыруы ғажап емес. Мысал Владислав Росляков. Кеше ғана Қырымда қырғын салған, төңірегін қырып салған бозбала. Өзі оқитын оқу орнын қанға бөктірген 18 жасар студенттің неліктен осындай ауыр қылмысқа барғаны әлі белгісіз. Оған өзін өлтіргеннен кейін психиатриялық сараптама тағайындалды. Ал, түбектегі Керчь қаласының тұрғындары колледжге жасалған шабуыл құрбандарын жұма күні соңғы сапарға шығарып салды. Ресей президенті Владимир Путиннің ойынша, бұл трагедияға ғаламдану да кінәлі.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу