Чаплинода Ресейдің шабуылынан 22 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чаплинода Ресейдің шабуылынан 22 адам қаза тапты

25.08.2022

Ресей армиясы Украинаның Днепропетровск облысындағы Чаплино станциясына зымыранмен соққы берді. Соңғы мәліметке қарағанда 22 адам қаза тауып, ондаған тұрғын жараланған. Қайтыс болғандардың ішінде бір бала бар. Жергілікті басшылықтың хабарлауынша, ракеталық шабуылдан үй мен вокзал қирап, жолаушылар пойызының бес вагоны жанып кетті.

Чаплино Ресей әскері жартылай басып алған Донецктен батысқа қарай 145 шақырым жерде орналасқан.

Президент Владимир Зеленский бұл оқиға үшін Ресей жауап беретінін ескертті. Алайда Мәскеу станциядағы трагедияға байланысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Хабарламаларға жазылу