Ел сенімін арқалаған түрлі саланың майталмандары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел сенімін арқалаған түрлі саланың майталмандары

14.10.2018

Біздің көреген қазақ зымыраған уақытты «желдей жүйрік» деп сипаттайды. Анығында, осы желдей жүйрік уақыттың жалына жармасып, оны тиімді пайдаланғандар ғана сол уақыттың шаңына көмілмей, суырылып алға шығады. Құмсағаттан қазіргі механикалық сағатқа дейінгі техникалық жаңарумен қатар, жер бетіндегі мемлекеттер де үздіксіз дамыды. Ал, ел дамуының кілті – ілім-білімге іңкәр, креативті жастардың қолында. Сондықтан, былтыр Президент «100 жаңа есім» жобасын қолға алған еді. Шыны керек, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» мұқым елге бизнес, ғылым мен білім, өнердің қайнаған ортасында жүрген табысты жастарды таныстырды. Алашты алға сүйрейтін білікті мамандар анықталды. «100 жаңа есім жобасының» жеңімпазы атанып, ел сенімін арқалаған түрлі саланың майталмандары бүгінде тынымсыз ізденіп, ерінбей еңбек етіп жүр.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу