Еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі

16.09.2018

Біраз ақпарат құралдарында «Қазақстанда кедейшілік деңгейі бір жылда 60 пайызға артты» деген ақпарат шыққан болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті бұл деректі терістеп отыр. Мәселен, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгей құрылымы өзгергені естеріңізде болар. Атап айтқанда, азық-түлікке жатпайтын тауарлар үлесі 40 пайыздан 45 пайызға арттырылған еді. Бұл өзгеріс ең төменгі күнкөріс деңгейін 2017 жылмен салыстырғанда 16 пайызға өсуіне ықпал етті. Ал, бұл орайда Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің биылғы дерегіне жүгініп көрдік. Онда табысы күнкөріс деңгейінен төмен халық саны 2018 жылдың екінші тоқсанында 4,7 болыпты. Бұл тіпті бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 2,5 пайыз төмен.

Хабарламаларға жазылу