Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдерінен өрілген бейнебаян - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдерінен өрілген бейнебаян

09.09.2018

Қыркүйектің 5-і. Бұл күні ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген. Алаш арысының туғанына 146 жыл толды. Барша қазақтың бағына туған Байтұрсынұлы қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы. Ғасырдың асылы. Ұлы жазушы  Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтсақ: «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны- «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетіндегі қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы  қажымаған қайратын, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын». Бағдарлама соңында «ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деген ұлт ұстазының өлеңдерінен өрілген бейнебаянға назар аударыңыздар.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу