Астана қаласының 20 жылдығы Мәскеуде де тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының 20 жылдығы Мәскеуде де тойланды

02.07.2018

Астана қаласының 20 жылдығы Ресей төрінде, Мәскеуде де тойланды. Көрші елдің астанасында елорданың мерейтойына арналған шет мемлекеттердегі ең ауқымды шара өтті.  Оның аясында архитектуралық көрме, халықаралық конференция және мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, шараға қатысушылар Мәскеудегі ВДНХ көрме орталығындағы қайта қалпына келтіріліп жатқан «Қазақстан» деп аталатын тарихи павильонының жаңғырту жұмыстарымен де танысты.  Бұл нысан осы жылдың соңына қарай Астананың 20 жылдығы аясында ашылғалы отыр.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу