Қазақ футболы: Бразилиядан оқып келген өрендер қайда? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ футболы: Бразилиядан оқып келген өрендер қайда?

03.06.2018

Он күннен кейін көрші елде әлемдік аламан. Үлкен футбол тойы. 12 заманауи стадион ала допқа арбалған жанкүйерлерді қабылдауға сақадай сай. 32 елдің үмітін үкілеген әр команданың да чемпиондықтан дәмесі зор.  Ал, ұлттық құрамалардың құрамына көз салсаңыз, жұлдыздардан көз шалынады. Бұл футбол бәсекесін Қазақстан әдеттегідей тек сырттай, көрермен ретінде ғана тамашалайды. Жанкүйерлер «шіркін, біздің жігіттер қашан әлемдік додада доп тебеді» деп аспанға қарап, қиялдайды.

Отандық футболшыларға Қазақстан сынды жағдай жасап жатқан ел жоқ болар. Тіпті, түрлі мемлекеттік бағдарламалар қолға алынды. Бірақ, нәтиже көңіл семіртпейді.  Осыдан 9 жыл бұрын Бразилияда шыңдалсын деп бір топ жеткіншегімізді мұхит асырып, Пеленің отанына жіберген едік. Үлкен-кіші осыларға үміт арттық. Елге келді. Бірақ, жасындай жарқылдап, көзге түскенін байқамадық. Сонымен, Бразилия академияларын бітірген түлектеріміз қазір қайда жүр? Бұл жоба өзін қаншалықты ақтады? Шерхан Жамбылұлы оларды жасыл алаңнан іздеді. 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу