Елбасы атқарушы билікке жаңа даму бағдарламасын дайындауды жүктеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы атқарушы билікке жаңа даму бағдарламасын дайындауды жүктеді

03.06.2018

Онда қаралған  мәселенің ең мәйектісі - елдегі тұғырлы бес реформаны жүзеге асыру жайы. Президент атқарушы билікке ғаламдық геосаясатты және жаһанның жаңа трендтерін ескеріп, жаңа даму бағдарламасын дайындауды  жүктеді. Президенттің ойынша, жаңа жоспар дайындау үшін болашаққа нық қадам басуға мүмкіндік берер нақты болжамдар қажет. Ол үшін салалық және мемлекеттік бағдарламалардың тиімді және уақытылы жүзеге асуы маңызды. Әсіресе, агроөнеркәсіп секторы бойынша инвестиция тарту керек. Бұл тұста Астана қаржы орталығы арқылы көп шаруаны реттеуге болады.

Ал, елдегі орта және шағын бизнес үшін қолжетімді жеңіл несиелер қажет. Сосын Президент медициналық сақтандыру, өзін-өзі жұмыспен қамту бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізу керектігін айтты. Үкімет бұл тұрғыда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жеке статусын белгілейтін заң әзірлеп жатыр. Ең бастысы, жұмыссыздық түбегейлі жойылуы тиіс. Сондықтан, барлық мемлекеттік органдар жұрттың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істейді. «Егер мұны орындай алмаса, бұл Үкімет жұмысының әлсіздігін білдіреді», деп ой қорытты Елбасы. 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу