Жеңіс күні «Нұр Отан» партиясы «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» акциясын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңіс күні «Нұр Отан» партиясы «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» акциясын өткізді

13.05.2018

Төрт жылға созылған соғыста ерен ерліктің үлгісін көрсеткен аталарымыз аз емес. 497-сі Кеңес одағының батыры атанғанын жоғарыда айттық. Бірақ, Отан үшін от кешіп, оққа ұшқан кейбір боздақтардың ерлігі еленбей қалғаны жасырын емес. Осы бір тарихи әділетсіздікке төзбеген қазақ тарихшылары Ресей мұрағатында сақтаулы деректерді зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Нәтиже бар. Тек өткен үш жылда соғыста ерліктің ерен үлгісін көрсеткен, бірақ, сол жаниярлықтары еленбей қалған 100-ден астам азаматтың есімі анықталды. Тіпті кейбірінің туған-туыстары да аталарының батырлығы мен батылдығы туралы мүлдем хабарсыз болып шықты. Ал, олардың наградаға ұсынылғанын дәлелдейтін сарғайған парақтар әлі күнге сақталған. Жауға ойсырата соққы беріп, ұрпақ үшін жан қиған баһадүрлердің ерлігін келер ұрпақ білуі тиіс. Жеңіс күні «Нұр Отан» партиясы «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» акциясын өткізді. Аты айтып тұрғандай, бағаланбай қалған батырларымыздың отбасыларын, туыстарын іздеп тауып, рухтарына дұға бағыштады.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу