«Нұр Отан» партиясы «Партияға өтініш» акциясын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» партиясы «Партияға өтініш» акциясын бастады

12.02.2016
«Нұр Отан» партиясы «Партияға өтініш» акциясын бастады
«Skype» бағдарламасы арқылы алыстағы ағайын кез келген өтініші мен өкпе-назын жеткізе алады.

Бүгінгі байланысқа Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев шықты. Бірер сағаттың ішінде ондаған тұрғын сан-салалы сауалына жауап тапты.
Жалпы, бір жыл ішінде елдің түкпір-түкпірінен 90 мыңнан астам азамат қоғамдық қабылдаудың көмегіне жүгінген. Соның әрбір 5-ші өтініші оң шешімін тапқан. Бұл тек онлайн емес, жалпы ресупбликада болған қоғамдық қабылдаулардың нәтижесі.

Негізінен халықты баспана, жер телімдері, жұмысқа орналасу сынды мәселелер алаңдатады. Осы мазмұндас онлайн кездесулер енді апта сайын жүйелі жүргізіледі.

Жұмажан Жүкенов: «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары:

Бүгінгі таңда онлайн қосылу орындарын 65-ке жеткізсек, енді оны әрі қарай дамытамыз. Ол үшін «Қазпошта» мен «Нұр Отан» партиясы арасында келісімшарт бар.

Хабарламаларға жазылу