Оңтүстік өңірде егіс науқаны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік өңірде егіс науқаны басталды

15.04.2018

Көкек келіп, көктемнің көркі кіріп, жер жіпсігені сол-ақ, диқандар білек түріп жер ризығын дайындаудың қамына кіріседі. Биыл да сол. Ерте жылынған Оңтүстік өңірде егіс науқаны басталып кетті. Ал, солтүстік, батыс, шығыс, орталық аймақтарда ауа райы ала-құла болғанымен, дайындық жүріп жатыр. Күн райы өзгермесе, сәуірдің соңы мен мамырдың бас кезінде бұл өңірлер де жұмысқа кіріседі. Мамандар қажетті техника орташа есеппен 90 пайызға дайын деп отыр. Жалпы, елімізде биыл 21,8 млн. га жерге дән себіледі. Оның ішінде дәнді-дақылдар түрі бидай - 11,4 млн. га, жемдік дәнді-дақылдар - 2,5 млн. га, мал азығы – 4 млн., бақша дақылдары мен картоп – 457 мың га, қант қызылшасы – 17,7 мың га, мақта – 110 мың га жерге егіледі. Елбасының егіс алқабын әртараптандыру тапсырмасы аясында биыл 2011 жылмен салыстырғанда жемдік дәнді-дақылдар - 642 мың га, дәнді бұршақты дақылдар – 335 га, майлы дақылдар -665 мың га, мал азығы – 831 мың га, қарақұмық – 79 мың га ұлғайды. Ал, керісінше, бидайдың алқабы – 1,9 млн. га, дәнді-дақылдар – 0,8 млн. га қысқарды. Негізі экспорт көзіне айналған бидай өнімінің алқабы неге қысқарғанын қазір министрлік өкілінің өз аузынан тыңдалық.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу