Егемен елмен қатар қарыштап дамыған шаруашылық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Егемен елмен қатар қарыштап дамыған шаруашылық

19.12.2014
Егемен елмен қатар қарыштап дамыған шаруашылық

Іскер азамат бүтіндей бір ауылдың шаруашылығын шашау шығармай ұстап қалған. Техникасын таратпай, тұрғындарды жұмыссыздыққа ұрындырмай ұйымдастыра білді.

Ауыл маңында бос жатқан жерлерді суармалы егістікке айналдырды. Бүгінде 1700 гектар жерге көкөніс егіледі.

Жаз бойы жиналған өнімнің қазір 14 мың тоннасы агрофирманың қоймаларында сақтаулы. Олар қыс бойы осылай сұрыпталады.

Агрофирма «қазақтың ақ бас» және «әулиекөл» асыл тұқымды сиырларын да өсірумен шұғылданады. Оған қоса биыл шетелге ет экспортын арттыру бойынша ірі жобаны қолға алды.

Қазір 300 ірі қара жемделіп жатса, оның санын алдағы уақытта 3 мыңға жеткізу көзделген.

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу