Қазақстанда 2500-нан астам елді мекен болса, соның тек 1200-і ғаламтор желісімен қамтылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 2500-нан астам елді мекен болса, соның тек 1200-і ғаламтор желісімен қамтылған

01.10.2017

Бізде кез келген бастамаға ерекше пәрмен беретін бір күш бар. Ол Президенттің ескертуі немесе тапсырмасы. Естеріңізде болса, осыдан екі апта бұрын үкімет мүшелері Президентке «Цифрлық Қазақстан» жобасын таныстырған болатын. Сол кезде барлық дерлік министрлер Президентке өз салаларында жобаға қатысты қандай жұмыс атқарылып жатқанын жарыса баяндап еді.

Президент министрлердің есебін тыңдай келе, бұл жобаға атүсті қарауға болмайтынын және оны жүзеге асыру үшін бүкіл елді алдымен интернет желісімен қамтамасыз ету қажет екенін ескертті. Соған орай осы аптадаҮкімет ауылдық жерлерді интернетпен қамту жобасын бастап жіберді. Жобаның жүзеге асырылу жылдамдығы сол интернеттің жылдамдығынан да тез болайын деп тұр. Үш жылда бітіреміз,- деді «Қазақтелеком» басшысы.

Қазақстанда 2500-нан астам елді мекен болса, соның тек 1200-і ғаламтор желісімен қамтылған. Оның үстіне барлығы бірдей қолжетімді  емес. Сондықтан да мұны шешудің бір  жолы – ұялы байланыс қызметін көптеп орнатып, бәсекелестікті арттыру, - дейді интернет саласының мамандары.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ, Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу