Рекс Тиллерсон: Атомдық арсеналдан өз еркімен арылған Қазақстан бүгінде заманауи үлгідегі мемлекетке айналып келеді

24.09.2017

Осы аптада Америка Құрама Штаттарында Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің жиыны өтті. 192 мемлекет қатысқан кеңесте АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон ядролық қарусыздануға қатысты баяндама жасап, бұл жойқын қарудан бас тарту мен оны таратпаудағы Қазақстанның рөліне ерекше назар аударды. Оның пікірінше, атомдық арсеналдан өз еркімен арылған Қазақстан бүгінде дамып, өркендеп, заманауи үлгідегі мемлекетке айналып келеді.

Хабарламаларға жазылу