Отандық интернет басылымдардың осы аптада халық назарына іліккен материалдары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық интернет басылымдардың осы аптада халық назарына іліккен материалдары

11.06.2017

Осы аптада abai.kz сайтындағы «Әлһамдулилла, 18 миллион қазақ бармыз» атты республика халқының өсімі жайлы материал халық назарына ілікті.

Қазақ оқырманын елең еткізген тағы бір мақала - Qamshy.kz сайтының «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап басқан «Си Цзиньпиннің қазақ халқына деген айрықша қарым-қатынасына әкесі себеп болған» атты мақаласы.

«Қазақстан» Ұлттық арнасының «Мен қазақпын» деп аталатын жаңа тележобасы да ақпарат көздерінде кеңінен талқыланып жатыр. Бұл жолы жобаның іріктеу кезеңі жайлы «ҚазАқпарат» сайты жазған.

Turkystan.kz сайты Астанада 109 нөмірлі диспетчерлік орталық жұмыс істей бастағанын хабарлады. Бұл - америкалық 911 жедел жәрдем қызметінің баламасы.

Хабарламаларға жазылу