Универсиада-2017. Күллі әлем назары Алматыға ауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Универсиада-2017. Күллі әлем назары Алматыға ауды

29.01.2017
Осыдан бес күн бұрын Астана төрінде жағылған алау 22 мың шақырым қазақ даласын жүріп өтіп, Алатау бөктеріне келіп жетті. Осы екі сағат аралығында күллі әлем назары Алматыға ауды.

57 елден келген спортшылардың салтанатты шеруінде еліміздің Туын ұстау мәртебесі шаңғышы Дәулет Рақымбаевқа бұйырды. Ал, мәнерлеп сырғанаудан спорт шебері Айза Иманбек барша спортшылардың атынан сайыстың әділ және таза өтуіне ант берді.

Елбасы өз сөзінде жас спортшыларға аламан сайыста сәттілік тіледі.


Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу