Азаттық жылдары ұлттық мұрамыз бен төл мәдениетіміз қайта жаңғырды
Әлі де талай рухани дүниелеріміз елге әкелуді қажет етеді.
Тәуелсіздіктің жиырма бес жылы экономикамыздың еңсесін түзеуі ғана емес, талай зобалаңда қолдан сусып кеткен рухани жәдігерлерді елге қайтарумен де есте қалғанын атап өткен жөн. Бұл жұмыстар Тәуелсіздік таңы атысымен-ақ қолға алына бастаған.
Алдымен, тарихи экспедициялар жасақталып, шет жерлерде сақталған жәдігерлерді ғалымдарымыз анықтап қайтты. Бір ғана Орхон-Енисей жазуларының көшірмесін елге қайтарудың өзі қаншама қажыр-қайратты қажет етті.
Абылайдың тұсында айбынды әскерге тамақ жасаған Тайқазан ше? Ол да енді Эрмитажда жетімсіреп тұрмайды. Қасиетті Түркістанға жеткізілді. Мұның барлығы жай ғана қайтару емес, елдің рухын көтерер шаралар деп қабылдаған жөн. Әлі де талай рухани дүниелеріміз елге әкелуді қажет етеді.
Айнұр ОМАР

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00