Қуаныш Айтаханов: Біз әртүрлі пікірлерді талқылап, бәрін тыңдауымыз керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуаныш Айтаханов: Біз әртүрлі пікірлерді талқылап, бәрін тыңдауымыз керек

15.05.2016
Қуаныш Айтаханов: Біз әртүрлі пікірлерді талқылап, бәрін тыңдауымыз керек
Жер мәселесін бір отырыста шешу мүмкін емес. Сондықтан, бұдан былай комиссия мүшелері әр сенбі сайын жиналады. Ал комиссия жұмысы негізінен төрт бағытта өрбиді. Бірінші – құқықтық бағыт. Яғни комиссия мүшелері мораторий жарияланған баптарды сараптап, нақты ұсыныстар әзірлейді.

Екінші бағыт бойынша жердің экономикалық аспектілері тексеріледі.

Үшінші бағыт ақпараттық-түсіндіру яғни. жерге қатысты талқылаулар мен атқарылып жатқан жұмыстар ашық әрі айқын жарияланады.
Төртінші бағыт жариялылық пен ашықтық. Сонымен қатар, жер туралы кз деген арнайы сайт жұмыс істейтіндіктен, елдің кез-келген азаматы сол сайтқа өз ұсыныс пікірлерін қалдыра алады.

Алғашқы отырыста барлық тараптардың ой-пікірлері тыңдалды. Комиссия келесі отырыста нақты мәселелерге жүгінеді.

Қуаныш Айтаханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Сөйлеймін деген азаматтарға шек қойылмауы тиіс. Біз әртүрлі пікірлерді талқылап, бәрін тыңдауымыз керек. Не айтады халық, ел не айтады? Бірақ дау-дамайға ұрынбай, салиқалы байсалды, байыпты сөздер айтып, түйіндеуіміз керек.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бүгінгі кездесудің маңызды шарты да сол, келген азаматтарымызды сабасына түсіріп жатыр. Себебі шын мәнінде, бұларға жалтақтап, жан сақтау үшін емес, Ата заңымызды ардақтау үшін, солардағы азаматтардың пікірін таразыға сап, салмақтау үшін кеп отырмыз.

Мұхит Тұмабаев, «Приречное» ЖШС басшысы:
Біріншіден, жердің өз иесі болуы керек. Ол ие жерге анау жерге ғылыми түрде жұмыс істейді. Егер жерді дұрыс игермесе, оның құнары кетеді. Екіншіден, жер жеке меншікке өтсе, ол оны алғаннан кейін тыңайтқышын береді. Жерге қарайды. Жаман шөптер шығармауға тырысады.

Нартай Ысқақов, «НАРОЛ» ЖШС директоры:
Барлық адам 7 сағат ішінде өз пікірлерін айтты. Енді 4 топ құрылып, келесі жолы нақты бір сұраққа дайындалып келмекшіміз. Ол жерді біздің Қазақстан азаматтарына сату керек пе, жоқ па соны қалай шешеміз. Елге барып, шаруа қожалықтарымен, халықпен ақылдасу керек. Пайдаланбай жатқан жерлер неге жатыр? Олар кезінде біреу кепілдікке қойып, банктерден кредит алып, ол қайтара алмай, ол банкте болса, ол жерде біреу бірдеңе істеу керек қой, кепілдікке алып оны пайдаланбай отырған ол да қате. Сондықтан оны халықтың игілігіне пайдалану керек.

Айдос Сарым, саясаттанушы:
Бізде әлі көптеген жағдайда кім неге ие, кім қалай игеріп жатыр деген сұрақтар жауапсыз. Жердің құнсыздануы да үлкен мәселе. Сондықтан осының барлығына жауап бермей, түбегейлі түрде, ашық, сенімді шешіп алмай, 3-4 ші кезектегі мәселеге араласу қиянат.

Хабарламаларға жазылу