Швеция астанасы Стокгольмде «Eurovision-2016» ән байқауының финалы өтті
Биыл 61-рет ұйымдастырылған «Eurovision» байқауға 42 елдің әншілері қатысып, финалға он шақты елдің әншілері жолдама алған. Олардың қатарынан ән сүйер қауым Австралия, Франция, Швеция, Украина, Ресейдің таланатты әншілерін үздік санаған.
Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру арқылы 534 ұпай жинаған украиналық әнші Джамала бас бәйгені жеңіп алды. Қырым татарларының қызы Джамала байқаудың ақтық сынында «1944» деп аталатын әнді шырқады. Әнге Сталиннің бұйрығымен жер аударылған қырым татарларының қиын тағдыры арқау етілген. Джамала Украинаның опера және джаз әншісі. Ал, 2-ші орынға 511 ұпаймен австралиялық әнші ие болса, үш күндік сайыста 491 дауыс жинаған ресейлік әнші Сергей Лазарев 3-ші орынды жеңіп алды.
Сондай-ақ, осы күндері Францияда Оскардан кейін ең беделді саналатын Кан кинофестивалі өтіп жатыр. 22-ші мамырға дейін жалғасатын байқауға биыл барлығы 1 мың 800 кинотуынды ұсынылған. Кино және театр жұлдыздары мен танымал режиссерлерден жасақталған қазылар 60 туындыны іріктеп алған. Олардың арасынан тек 21 кино туынды ғана байқаудың ақтық сынына жолдама алды. Байқауда жеңіске жеткен туынды мен онда ойнаған жеңімпаз әртістердің есімдері келесі жексенбі белгілі болады. Айта кетейік, Кан халықаралық кино фестивалі биыл 69-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00