Ресей мен АҚШ Сириядағы соғысты тоқтату туралы келісімді ұзартуға күш салып жатыр
Халықаралық қауымдастық Сириядағы соғыс биыл аяқталады деп жыл басынан бері үміт еткен еді. Бірақ, қарулы жанжал жалғасып жатыр. Осы аптаның сәрсенбісінде АҚШ пен Ресей қысым жасағаннан кейін үкімет армиясы мен көтерілісшілер Алеппода атысты доғаруға келісті. Бірақ, жұма күні екі жақ осы қаланың оңтүстік-батысындағы Хан Тоуман қалашығы үшін шайқасып, 73 адам мерт болды. Сол стратегиялық елді мекен көтерілісшілердің қолына өткен. Бақылаушылардың ойынша, осы оқиғаның өзі Сирияда қуатты әрі әсіре консервативтік күштердің қайта бас көтергенін білдіреді.
Жалпы алғанда, кейінгі екі аптада Алеппо үшін қақтығыстардан 300-дей адам мерт болыпты. Үкімет әскері болса, бұл шаһарды түгел алмай қаруын тастамайтынын ескертті. Вашингтон болса, Башар Асадты райынан қайтар деп Мәскеуге талап қойып отыр. Ал, бейсенбі күні Түркия шекарасы маңындағы Идлиб провинциясында босқындар лагері бомбаланып, 28 адам қаза тапты. Құрбандардың ішінде әйелдер мен балалар бар.
Алеппо үшін соғыс Женевада жақында басталған сирия-аралық бейбіт келіссөздерді сәтсіздікке ұшыратып отыр.
Джеффри Фелтман, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары:
Келіссөздердің келесі раунды атысты тоқтату туралы келісімнің орындалуына және гуманитарлық көмектің жеткізілуіне негізделуі керек. Арнайы елшіміз Сириядағы соғысушы тараптардың өкілдерін мамырда тағы да беттестіруге әрекет жасайды. Бірақ, жанжал тоқтамаса, саяси прогрес жасай алмаймыз деген қауіп бар. Әсіресе, Алепподағы зорлық-зомбылықтың тым өршіп кетуі екі жақтың келіссөзге оралуына үлкен кедергі жасап отыр.
Арыстан РЫСБЕК

Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05