Оның ашылу салтанатына Қытай Төрағасы Си Цзиньпин арнайы қатысты.
Бейжіңде Қазақстанның қатысуымен құрылған Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі қызметіне кірісті. Оның ашылу салтанатына Қытай Төрағасы Си Цзиньпин арнайы қатысты.
Сарапшылар қаржылық құрылым Дүниежүзілік банкке бәсекелес болады деп санайды. Оның мақсаты - бүкіл Азия бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру.
Бұл қаржылық ұйымды құруға 57 мемлекет қатысқан. Құрылтайшылардың бірі - Қазақстан. Банкке кірген мемлекеттердің 37-і - Азиядан. Ең ірі акционерлер – Қытай, Ресей, Үндістан. Капиталы - 100 миллиард доллар.
Қазақстан 730 миллион доллар қосып, банктің 0.7 пайыз үлесіне иелік етті. Яғни, біздің еліміз - 37 азиялық елдердің арасында 17-і орында. Төленетін капитал 145,9 миллион доллар.
Банктің құрылтайшысы болуы арқасында Қазақстан «Нұрлы жол» бағдарламасындағы жобаларды жүзеге асыру үшін арзан несие алуға мүмкіндік алып отыр.
Си Цзиньпин, ҚХР Төрағасы:
Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі аймақ инфрақұрылымдарын дамыту үшін жаңа инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қытай алдағы уақытта осы банкке мүше аса дамымаған мемлекеттерге инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін арнайы қор құрып, оған 50 миллиард доллар бөлуге дайын.
Сондай-ақ, бүгіннен бастап, Иран Ислам Республикасы халықаралық санкциялардан босатылды. Тыйымды алып тастау туралы тиісті Жарлыққа кеше түнде АҚШ Президенті Барак Обама қол қойды.
Еуро Одақ елдері де бұл құжатты қолдап шешім қабылдады. Енді Иранның мұнайынан бастап, 400-ге жуық кәсіпорындары өндіретін түрлі тауарлары халықаралық нарыққа еркін шығарылады.
Естеріңізде болса, халықаралық қауымдастық Иранға қатысты санкцияларды 2005-жылы қабылдаған болатын. Иранның ядролық бағдарламаларына байланысты қазіргі ұстанымын Қазақстан Республикасы да қолдайды. Бүгін еліміздің сыртқы істер министрлігі Иранға қатысты санкциялардың тоқтауына орай осындай мәлімдеме таратты.
Онда «Иранға салынған тыйымдардың тоқталуы әлемдік аренада жаңа кезеңнің басталғанын көрсетеді. Және кез келген жаһандық һәм күрделі мәселелерді шешуде дипломатиялық келіссөздерден басқа тиімді жол жоқ. Ал, Қазақстан жаппай қырып-жоятын қаруды таратуға әуел бастан қарсы. Әрі бұл ұстанымынан ешқашан айнымақ емес», делінген.
Арыстан РЫСБЕК