Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі идеясын 22 мемлекет қолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі идеясын 22 мемлекет қолдады

24.10.2014
Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі идеясын 22 мемлекет қолдады

Бүгін Қытай астанасында Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкін (АИИБ) құру жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қою рәсімі өтті.

Шараға банкті құруға қызығушылық танытқан 20-дан астам  мемлекеттің Қаржы министрлері қатысты. Олардың арасында Қазақстан да бар. 

АИИБ өз жұмысын 2015 жылдың соңында бастамақшы. Аймақтық және жаһандық экономикалық дамуға үлес қосқысы келетін әлемдегі кез келген мемлекетке банк есігі әрдайым ашық.

 

Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу