Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Премьер-министр К.Мәсімовты қабылдады
Энерго ресурстарының бағасы арзандағандықтан, ел қазынасына құйылатын кіріс 40 пайызға қысқарды. Өзге де экспорттық тауарлардың, оның ішінде қара және түсті металдардың бағасы құн сүймей тұр. Әрі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен бірге машина жасау саласы да өндірісті азайтты. Апта басында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет жетекшісін қабылдап, дағдарыстың енді күш алғанын ескертті. Ескертті де, министрлер кабинетіне дағдарысты еңсеру үшін жедел әрі кешенді шара қабылдау керектігін шегелеп тапсырды. Әрі Мемлекеттің басшысы біздің елді ғана емес, бүкіл жаһан нарығындағы күрделі ахуалға қатысты тұжырым Қытайда, АҚШ-та және Ресей басшылығымен болған келіссөздердің негізінде жасалғандығын баса айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Әлемдегі, соның ішінде Еуропа мен Шығыс Азиядағы экономиканың ахуалын ескере отырып, жағдайдың жуық арада жақсаруын болжау мүмкін емес. Халқымыз қалыптасқан жағдайды білуі тиіс. Кәсіпорындарымыздың кірісі азайып, табыстың төмендеуі және жұмыс орындарының қысқаруы ықтимал. 2007-2009 жылдардағыдан да күшті дағдарыс дендеп келеді. Осыған орай, Үкіметке нақты талдау жасап, дағдарысқа қарсы жұмыстардың жоспарын әзірлеуді, қажетті шараларды белгілеп, оны халыққа жеткізуді тапсырамын.
Осы кездесуде Президент халықтың әлеуметтік ахуалының төмендеуіне жол бермейміз деп, мәлімдеді. Бұл ретте «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасып, кәсіптік-техникалық білім беру арқылы тұрғындардың жаңа мамандық алуына жағдай жасалмақ. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау бағдарламасын олқылықсыз орындауды міндеттеген Президент өнеркәсіптік кәсіпорындардың көрсеткішін арттырудың, салынып қойған нысандардың қуатын толық пайдаланудың маңыздылығына Үкіметтің назарын аударды.

Кәсіпорындар мемлекет қаражатпен қамтамасыз етеді деп, күтпеуі тиіс. Олай болмайды, Ұлттық қордың ақшасын жаңа нысандар құрылысына, сондай-ақ, нашар жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдауға, субсидиялауға пайдалануға тыйым саламын. Бұл жағдайда қандай өндіріс тиімді, қайсысы тиімсіз жұмыс істейтіні бірден көрінеді. Сондықтан, біз барынша тиімді менеджемент тарту үшін жекешелендіру жүргіземіз.
Айбек ҚОБДАБАЙ

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің міндетіміз – кейінгі ұрпаққа кемел және қуатты Қазақстанды аманаттау»
30.09.2026, 10:13
Қазақстан Жаһандық инновациялар индексінде Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында ең жоғары өсім көрсетті
30.09.2026, 08:37
Мемлекет басшысы: Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күшімді саламын
29.09.2026, 23:27
Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Мемлекет басшысы
29.09.2026, 23:13
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53