Бүгін – Еңбек күні. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еңбеккерлер қауымының еңбегін елеуді - 2013 жылы тиісті құжатпен бекітті. Қыркүйектің соңғы жексенбісі еңбек күні.
Биыл екінші жыл аталып отырған мерекенің біз үшін мәні қандай? Мәні үлкен. Статистика былай дейді. Қазақстанда 8,5 миллион адам жұмысқа қабілеттілер қатарында. Жалпы, әлемде 40 мыңнан астам мамандық бар екен. Тек өнеркәсіппен құрылыс саласының өзінде 3 мыңнан аса қызмет түрі тіркелген.
Әлбетте, мамандықтар саны тұрақты емес. Заман талабына сай құбылып тұрады. Біздің елде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы да біздегі жұмысшылардың көптеген көкейкесті мәселелерін оңтайлы шешуге ықпал етті.
Осы арқылы еңбек әулеттері ұрпақтар сабақтастығын сақтауға, өскелең ұрпақтың бойында еңбекке деген ұмтылысты күшейту, өз кәсібімен мақтануға тәрбиелеу ортақ сипат алды.
Сондай-ақ, көп жылғы еңбек өтілі бар мамандарды «Еңбек Даңқы» орденімен марапаттау туралы да Елбасы Жарлық етті. Бұл орденмен бүгіндері өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы секілді материалдық өндірістің басқа да салаларының бір кәсіпорнында, мекемесінде, ұйымында ұзақ жыл табысты еңбек еткен еңбеккерлер марапатталады.
Абай атам айтқан бес дұшпанның төртіншісі еріншек еді. Негізі көп кемдіктің себебін өзгеден көру бір дерт, дейді ғалымдар. Еңбектің түбі береке екенін біздің Ұлттық телеарна нақты дәлелдермен үнемі көрсетіп келеді.
Айбек ҚОБДАБАЙ