Кәсіпкерлер: Үкіметтің бұл шешімі бизнестің ілгері басуына оң әсер етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер: Үкіметтің бұл шешімі бизнестің ілгері басуына оң әсер етеді

23.08.2015
 Кәсіпкерлер: Үкіметтің бұл шешімі бизнестің ілгері басуына оң әсер етеді

«Үкіметтің Ұлттық банкпен келісе отырып қабылдаған шешімі  бизнестің ісін ілгері бастыруға оң әсер етеді». Ақордадағы алқалы жиынға қатысқан кәсіпкерлердің пікірі осы. 

Абзал Ерәлиев, Қазақстанның Еңбек Ері:

Ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеп жатқандықтан диқандардың да осы баға жағынан көрші мемлекеттердегі валютаның құлдырауы салдарынан бәсекелесуімізге қиындап қалды. Сондықтан, біз Ұлттық банктің теңгені еркін айналымға шығару туралы шешімін қолдаймыз.

Ерлан Орынбеков, «Каустик» АҚ Басқарма төрағасы:

Теңгені реттеу үшін Үкіметтің оны еркін айналымға жіберу туралы шешімін толық қолдаймыз. Бұл біздің тауарлардың сапасын арттырып, басқалармен бәсекеге түсуге жол ашады.

Өйткені, еліміздің химия өндірісі өңдейтін тауарлардың бағасы күрт төмендеп кетті. Енді Үкіметтің бүгінгі шешімі өндіріс қуатын арттыруға және бағаны реттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жұмыс орындарын сақтап, олардың жағдайын жасауға ықпал етеді.

Александр Хмелев, «Казцинк» ЖШС бас директоры:

Біз бұған дейін қалыптасқан жағдайды қалт жібермей қадағалап отырдық. Сондықтан, Үкімет пен Ұлттық банктің шешімі дер кезінде жүзеге асқан шара. Әрі дағдарыстан шығуға тиімді әсер етеді.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу