«Қазақстан-2050» Демократиялық жалпыұлттық күштер коалициясы 5 реформаны іске асыруға қатысты Үндеу қабылдады. Жиналғандар ұлт жоспары «100 нақты қадамды» жүзеге асыру жолдарын талқылады.
Қабылданған Үндеуге байланысты коалиция барша азаматтарды, жан-жақты атсалысуға шақырады. Барлығымыз күш біріктіргенде ғана Қазақстан гүлденген әрі қуатты елге айналады.
Осыған байланысты «Нұр Отан» партиясы өз тарапынан 15 Заң жобасын Парламенттің қарауына енгізді. Бұл Заңдар реформаларды табысты жүзеге асыруға жол ашпақ.
Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Елбасы айтқандай, елде әділ сот пен құқық қорғау жүйесін, халыққа қызмет ететін мемлекеттік апаратты құруды, экономикасы кемел, болашағы біртұтас ұлт болуға бағытталған реформалардың көздегені - қарапайым қазақстандықтардың қамы.
Мақсат – мемлекетке деген және азаматтар арасында айнымас сенім қалыптастыру, сол арқылы Мәңгілік Ел болудың даңғылына түсу.
Еркін ТАҢАТҚАНҰЛЫ