Астанадағы орман алқабы Шортандыға дейін жеткізіледі
Қазір Астананы айнала жайқалған жасыл желектің ауданы 70 мың гектардан асты. Бұл жерінің 4 пайызы ғана орманды алқапты алып жатқан Қазақстан үшін қаншама ерен еңбек екені айтпаса да түсінікті.
Есілдің бойын ен тоғай ету үшін Елбасы орман алқабын Шортандыға дейін жеткізуді тапсырған. Жалпы аумағы 114 мың гектар жерге зерттеу жасаған «жасыл аймақ» мамандары осы аумаққа түгел жасыл желек отырғызуды жоспарлап отыр.
Қазір жыл сайын осы аумақтың 15 мың гектары жыртылып, топырағы өңделеді.
Қазір Астананың айналасындағы орманды алқапта қарағай, шетен, қайың, қарағаш, терек, тал, алма сияқты 26 түрлі ағаш өседі. Әрі соңғы жылдары жасыл желекті паналайтын жан-жануарлар да көбейді.
Жұрт жеміс-жидегін де осы орманнан теріп жүр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әзербайжан Қазақстан халқына көңіл айтты
25.09.2026, 09:13
Қаза тапқан әскерилердің отбасына Halyk қоры қолдау көрсетеді
25.09.2026, 09:12
Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасына қаржылай көмек көрсетеді
25.09.2026, 09:04
Әскери қызметшілердің қазасына қатысты тергеу жүріп жатыр
25.09.2026, 09:02
Қанат Бозымбаев жоғалған әскери қызметшілерді үздіксіз іздеуді тапсырды
25.09.2026, 08:39
Оқу-жаттығу кезінде 12 әскери қызметші қаза тапты
25.09.2026, 08:37
Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні
25.09.2026, 08:37
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11