Президенттің қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында киіктердің қырылу мәселесі көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында киіктердің қырылу мәселесі көтерілді

14.06.2015
Президенттің қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында киіктердің қырылу мәселесі көтерілді

Жұма күні Президенттің қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қоғамды біраз дүрліктірген осы мәселе көтерілді.

«Калачи ауылындағы құбылыстың себебі неден екенін әлі ешкім түсіндірген жоқ. Құзырлы органдар жағдайды анықтай алмаса, қажетті сарапшылары жоқ болса, онда шетелдік мамандарды шақырып, бұл істі соларға тапсыруы керек еді», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ,  Президент Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бірқатар облыстардағы киіктің жаппай қырылуының басты себептерін анықтауға міндетті екеніне екпін салды.

«Киіктердің қырылуына байланысты қарама-қайшы пікір көп. Ол бұл бағытта мүлде жөнсіздік болғанын, тиісті мамандардың жоқтығын білдіреді», - деді Елбасы.

Қауіпсіздік кеңесінде қоршаған ортаның ахуалын бақылау,  экология саласындағы қатерлердің алдын алу жайы қызу талқыланды.

Мемлекет пен бизнес тарапынан нақты шаралар қабылданбаса, жердің шөлейттенуі мен тозуы, кейбір елді мекендердегі ауа сапасының нашарлауы, суды тиімсіз пайдалану, өнеркәсіптерден зиянды заттардың ауаға тарауы мен қоқыс тастайтын орындардың ретсіз орналасуы, тұрмыстық қалдықтардың көбеюі сияқты қатерлер қордаланып барады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Экономика өскен сайын, зауыт-фабрикалар салынған сайын, олар табиғатты аямайды. Табиғаттың жағдайын ескермейді. Сондықтан ел болғаннан кейін, жерімізді сақтап қалуға, суымызды сақтап қалуға, ластамау үшін жұмыс істеуіміз керек. Оған әлі қолымыз жетпей жатыр. Осы мәселе жөнінде бүгін кеңінен сөйлесіп, бір шешімге келуіміз керек. 

 

Хабарламаларға жазылу