Мемлекет басшысы Бердібек Сапарбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Бердібек Сапарбаевты қабылдады

31.05.2015
Мемлекет басшысы Бердібек Сапарбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевты қабылдады. Бердібек Сапарбаев Елбасына мемлекеттік бағдарламалардың әлеуметтік салаға қатысты сағаларының орындалу барысы туралы баяндап, атқарылар іс жоспарын да айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Бизнес-2020» деген бағдарлама бар. «Жол картасы» деген бағдарлама бар. «Жұмысқа орналасу» деген бағдарлама бар. «Нұрлы жол» бағдарламасы бар, барлығы елге жұмыс берудің әрекеті болып саналады. Айттым ғой, ең негізгі мәселе мемлекеттің алдында тұрған, халыққа жұмыс беру. Басқасын өзі істеуі керек.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Ең бірінші тапсырмаңыз мына халықты жұмыспен қамтамасыз ету, сол жөнінде мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Біз қазір әрбір мемлекеттік бағдарламаны қарап, талдап отырмыз. Қазір барлық ауданның орталықтарында, облыс орталықтарында Сіздің тапсырмаңызға сәйкес арнайы баннерлер іліп қойдық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сондай жар салатын іс болуы керек. Саясат үшін де керек емес ол, жұмыс. Жергілікті биліктің істеген жұмысы, одан басқа немен біз өлшейміз. Қазір айтып отырмыз ғой, мына жаңа бес бағдарламаның ішіндегі әкімшілікте әрбір деңгейде тапсырма береміз деп.  Соның ішінде сол тапсырма болады.

Қазірден бастап үйренсін. Сонда қандай өндіріс, қанша жұмыс орны бар екенін барлығы қадағалап отырады. Жаңадан өндіріс қосуға мүдделі болады. Жаңадан шағын бизнес ашуға мүдделі болады. 5 адам істесін, үш адам істесін, он адам істесін, бизнестің барлығы адамның жұмысы шағын және орта бизнесте болады.

Үлкен өндіріс жұмыскерлерді қысқартады. Ол заңды нәрсе. Ол жерде де жаңа технология болады, инновация болады. Оның барлығы жұмыскерлерді қысқартып, шығынды азайтады. Сонда кім береді, сервис, шағын және орта бизнес.   

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елді жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау секілді әлеуметтік салаға қатысты нақты тапсырмалар берді.   

 

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

Мен Елбасына мемлекеттік бағдарламалардың, Мемлекет басшысы тапсырмаларының қалай орындалып жатқаны жөнінде баяндадым. Ең негізгі тапсырма халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, жағдайын жақсарту.

Келесі мәселе білім саласындағы екі ауысымда, апатты жағдайда оқитын мектептердің санын азайту, 2020-шы жылға дейін. Одан кейін кәсіптік-техникалық, жоғары оқу орындарында келісімшартпен дайындау.

Қазіргі мемлекетімізде жүріп жатқан индустриялық-инновациялық бағдарламаға мамандар дайындау. Келесі бір мәселе халықтың денсаулығы жөнінде. Сақтандыру тәсілін енгізіп, денсаулық сақтау салсының мамандарын қазіргі заман талабына сай дайындау жөнінде Нұрсұлтан Әбішұлы арнайы тапсырма берді.

Жалпы, берілген тапсырма кешегі қабылданған 5 реформаға сәйкес жүз қадамды орындау. Оны халыққа түсіндіріп айту,  әсіресе, әлеуметтік салада.

Еркін ТАҢАТҚАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу