Басты Жаңалықтар Шетелдік сарапшылар: «100 қадам» жүзеге асқаннан кейін Қазақстан мүлде басқа мемлекетке айналады

Шетелдік сарапшылар: «100 қадам» жүзеге асқаннан кейін Қазақстан мүлде басқа мемлекетке айналады

Шетелдік сарапшылар: «100 қадам» жүзеге асқаннан кейін Қазақстан мүлде басқа мемлекетке айналады

Форумға көпірме сөзден гөрі, айтары айқын, бөлек көзқарас, өзгеше ой биігінен қарайтындар ғана келетінін жоғарыда айттық. Қанша дегенмен, шетелдіктер жаңалыққа құмар, көзқарастары терең болады.

Сондықтан, VIII Астана экономикалық форумына келген 200-ден астам халықаралық ұйымның  басшылары мен танымал ғалымдар Назарбаев ұсынған «Ұлт жоспарын», яғни 5 реформа мен 100 нақты қадамды бүге-шүгесіне дейін талқылады.

Сосын жиын кезінде сарапшылар экономикалық әлеуеті зор салалардың бірі - инфрақұрылым, елдегі трансформациялау бағдарламасы, мұнай-газ, энергетика, әлемдегі қаржылық, экономикалық, монеталық  мәселелер төңірегінде пікірлесті. 

«100 қадам» жүзеге асқаннан кейін Қазақстан мүлде басқа мемлекетке айналады. Шетелдік сарапшылар Елбасының 5 институционалдық реформасын жүзеге асырудың жолы ретінде ұсынған бағдарламасы туралы осындай пікір білдіруде.

Ірі мақсаттарды арқалаған бұл жобаға Елбасы «Ұлт жоспары» деген атау беріп, алдағы 10-15 жылдықта жүзеге асырылуы тиіс басты міндет екенін айтқан болатын.

Джанет Хэкман, ЕҚДБ Қазақстандағы өкілдігінің басшысы:

Бүгін осы форумға қатысып отырғаныма өте қуаныштымын. Шара аясында бірталай мәселелер қозғалды. Ал,  біздің сессиямыз Қазақстанға инвестиция тарту проблемасына арналды.

Бұл турасында көптеген қызық пікірлер айтылған. Президент Назарбаевтың 5 реформасын сарапшылар жоғары бағалап отыр. Яғни, осы бағыттан таймаса, Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына жақын уақытта қосылуы бек мүмкін.

Елбасының жариялаған «100 қадам» бағдарламасы Қазақстанды заманауи экономикалы мемлекет етудің бірден-бір жолы.

Форум жаһандағы экономикалық проблемаларды  шешудің тиімді тетіктерін 30 секцияға бөліп қарады. Оның ішінде қазақстандық үлгі ретінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аталды. 

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық Түркі академиясының президенті:

Каспий шын мәнінде қазіргі кезеңде Шығыс пен Батысты жалғайтын Жібек жолының торабында орналасқан. Каспий арқылы Шығыс пен Батыс жалғанған, Қытай Европаға жалғанған.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 3 – Түркі кеңесінде Гобалада өткен саммитінде берген тапсырмасына сәйкес транзиттік дәлізге, соның ішінде Жібек Жолымен байланысты арнайы жиын өткізіп отырмыз.

Елбасымыздың бағдарламасында көрсетілген «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес және Түркі әлемін жақындастыра түсетін экономикалық дамуға өзіндік үлес қосады, деп сенеміз.

Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған 100 қадам Қазақ елінің дамуын жеделтетіп, әлемдік аренадағы абыройын асқақтататын аса маңызды стратегия». Еуразиялық Даму банкі басқарма төрағасы  Дмитрий Панкин осындай пікірде.  Ірі қаржы хабы құрылатынын, Қазақстан тауарларының әлемдік нарыққа шығатынын құптап отыр.

Дмитрий Панкин, Еуразиялық Даму банкі басқармасының төрағасы:

Бұл бағдарлама посткеңестік қоғамды өзгертуге бағытталған маңызды қадам. Алға қойылған тапсырмалар мен міндеттер орындалуын тілеймін. Қазақстан халықаралық аренада өте белсенді ойыншыға айнала бастады.

Европалық одақпен, Ресей, Қытай, Шығыс елдерімен де интеграциялық үдерістерді жүргізіп отыр. Саяси тепе-теңдікті сақтау өте маңызды іс. Бұл Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі рөлін нығайта түсетіні сөзсіз.

5 реформаны орындау үшін алдымен 100 қадам жасау керек. Бұл құжат – экономика саласына  жаңа леп әкелмек. Сарапшылар, құжатта көрсетілген 100 қадам уақытында  орындалар болса, Қазақстанның экономикасы мықты, халқы тату, әл-қуаты зор ел болады, деп отыр.

 Айнұр ОМАР

Бөлісу