Астана экономикалық форумының маңызы бұрынғыдан да арта түскен
Қаржылық қысталаңның бірінші толқыны тыншымай тұрып, екінші толқын қыр астынан тықыршиды. Жиһан тынышсыз, экономика тұрақсыз болған тұста, Астана экономикалық форумының маңызы бұрынғыдан да арта түскен.
Биыл бас қала бұл форумды 8-ші рет өткізіп отырғанын айттық. Оған әлемнің 90 елінен 3 мың делегат келді. Оның 200-і заманынан ілгері ойлайтын интеллектуалдар, саясаткерлер, сарапшылар, лауазымы биік меймандар.
Яғни, премьер-министрлер, ірі-ірі қаржылық институттардың жетекшілері, Нобель сыйлығының лауреаттары, халықаралық ұйымдардың басшылары, танымал ғалымдар.
Былайша айтқанда, VIP-қонақтар. Олар екі күн бойы 30 секцияға бөлініп, алқымды қысқан жаһандық дағдарыстан ентікпей шығудың тетіктерін талқылады.
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тазалық – мәдениет белгісі
26.11.2026, 17:25
Ақмола облысында кітапқұмар жастар көбейіп келеді
26.11.2026, 17:24
Қазақ ертегілері француз, нидерланд тілінде жарық көрді
26.11.2026, 17:22
Ресейде егін түсімі азайып, азық-түлік қымбаттады
26.11.2026, 17:20
Адал еңбектің түбі – жеңіс
26.11.2026, 17:17
«Халыққа жақын»: Қарашаның талап-тілегін тыңдады
26.11.2026, 17:15
«Мәдениеттер диалогы – 2026» II халықаралық симпозиумы өтті
26.11.2026, 17:13
Ақмола облысының мектептерінде құқықтану дәрісі көбейді
26.11.2026, 17:10