Бауыржан Момышұлының дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақтаулы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Момышұлының дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақтаулы

10.05.2015
Бауыржан Момышұлының дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақтаулы

«Ақиқат пен аңызды» жазған  әйгілі жазушы Әзілхан Нұршайықов мынадай дерек келтіреді: «Өздеріне арналып  жазылған шығармалардың  саны жағынан ешбір әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлымен  иық теңестіре алмайды екен».

Расында солай. Баукең туралы классик жазушыларымыздан  бастап тамаша шығармалар  жазды. Александр Бек бастаған орыс, тіпті шетел қаламгерлерінің де кітаптары  сан мыңдаған тиражбен жарыққа шықты.

Қаншама көркем, деректі фильмдер түсірілді. Біздің журналистер қауымы да баспасөз, экран беттерінде батырдың бейнесін сомдауға үлкен үлес қосты. Қысқасы, қолына қалам ұстағандарды даңқты әскери қолбасшының өмір жолы  қызықтырмауы мүмкін емес.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясына  қарасты  Қазақ радиосының «Алтын қорында» Бауыржан  Момышұлының дауысы сақталған. Бұл баға жетпес руһани байлықтарымыздың бірі. Біз бүгін көрермендер назарына Бауыржан Момышұлының дауысын ұсынбақпыз.

Әлімжан Сабыржанұлы, журналист:

«Күркіреп күндей, өтті ғой соғыс...» Мына үнтаспада сол күркіреген соғысты көрген батыр Баукеңнің күркіреген дауысы бар. 1965 жылдары жазылған болса керек. Ұлт намысындай болған ұлы тұлғаның дауысын күнде естісек те артық болмас. Бір сәт батыр Баукеңнің қыран дауысына құлақ түріңіздер. Бірге тыңдайық.

Әлімжан САБЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу