Асылжан Мамытбеков Президент қабылдауында болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асылжан Мамытбеков Президент қабылдауында болды

12.04.2015
Асылжан Мамытбеков Президент қабылдауында болды

Апта басында Ақордаға Ауыл шаруашылығы министрі кіріп шықты. Асылжан Мамытбеков Мемлекет басшысына көктемгі тұқым себу науқанына әзірлік барысын әңгімеледі. Қысы алты ай қонатын Сарыарқадай емес, күні маңдайды жіпсітер оңтүстік облыстарда егіс жұмыстары басталып та кеткен.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында астық дақылдарының жартысына жуығы егілді. Майлы дақылдар, басқа да жеміс-жидек түрлері өсіріледі. Ал, теріскей облыстарда науқанға дайындық жүріп жатыр. Шаруалардың техникасы түгел, шаруашылықтар жанар-жағармаймен қамтылған, деді Мамытбеков.

Ел қазынасынан несие түрінде 60 миллиард теңге бөлінген.  Басқа да қаржылай көмектер бар. Тұқым да қажет мөлшерде деп қосты министр. Елбасы ең басты - мәселе сырттан келер азық-түлік көлемін азайту үшін мүмкіндігінше отандық өнімдерді тұтынуға, отандық кәсіпкерлерді қолдауға, азық-түлік өнімдерінің өндірісін арттыруға тапсырмалар берді.

Жайнагүл ТӨЛЕМІС

Хабарламаларға жазылу