Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко және Владимир Путин кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко және Владимир Путин кездесті

22.03.2015
Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко және Владимир Путин кездесті

1-ші қаңтардан бастап заңды күшіне енген Еуразиялық экономикалық одақ үшін биылғы жыл сынақ жылы болғалы тұр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Ақордада осы жұмада үш мемлекеттің басшылары Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенко кездесті. Президенттер Қазақстан, Ресей, Беларусь үштігі арасындағы сауда-саттық мәселелерін, экономикалық ахуалды жақсартуды, сондай-ақ, Украина дағдарысын талқыға салды.

Бұл кездесуге дейін Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Президентімен жеке кездесті. Екі көшбасшы өзара сауда-саттық, экономикалық байланыстар жайын сөз етті.

Сондай-ақ, Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен де жеке кездесті. Екеуара әңгімеде мемлекет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақты талқылады.

Сондай-ақ, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге тоқталды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзара іс-қимылдың қазірі мен екіжақты қатынастардың одан әрі дамуын талқылау үшін бұл кездесудің маңызды екенін атап өтті.

Хабарламаларға жазылу