Бес мемлекеттің елшісі Қазақстан Президентіне Сенім грамоталарын тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бес мемлекеттің елшісі Қазақстан Президентіне Сенім грамоталарын тапсырды

22.03.2015
Бес мемлекеттің елшісі Қазақстан Президентіне Сенім грамоталарын тапсырды

Осы аптада бес бірдей мемлекеттің елшісі Қазақстан Президентіне Сенім грамоталарын тапсырды. Олар – Кувейт, Пәкістан, Болгария, Сауд Арабиясы Корольдігі және АҚШ дипломаттары.

«Жаңа қызметке кіріскен елшілердің арқалаған жүгі ауыр. Себебі, сіздердің жұмыстарыңыз әлемдегі ахуалдың күрделене түскен кезеңіне тап келді», деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан бұған дейінгі дағдарысқа да үлкен дайындықпен келді. Индустиялық-инновациялық даму бағдарламасы, «Нұрлы жол» секілді кешенді жоспарлар елдің бүгінін ғана емес, болашағын көздейді.

Қазақстанды алда ірі істер күтіп тұр. Мысалы, Астана экономикалық форумының 8-ші жиыны, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 5-ші съезі, Ислам ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі шаралар. 

Яғни, бұл істерді үйлестіру ісі де бүгінгі дипломаттарға жеңіл жүк емес.  «Елдестірмек елшіден» демекші, Сенім грамоталарын тапсыру кезінде байқағанымыз, АҚШ-тың жаңа дипломаты қазақша тәп-тәуір тіл сындырып үлгеріпті.

Назгүл АХМЕТОВА

Хабарламаларға жазылу