Өткен 5 жылда елімізде бұған дейін өндірілмеген жаңа 400 өнім түрі шыға бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен 5 жылда елімізде бұған дейін өндірілмеген жаңа 400 өнім түрі шыға бастады

25.01.2015
Өткен 5 жылда елімізде бұған дейін өндірілмеген жаңа 400 өнім түрі шыға бастады

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған индустриялық-инновациялық бағдарламаның алғашқы бесжылдығы аяқталды. Нәтиже қалай, сандарды сөйлетіп көрелік. Өткен 5 жылда бұған дейін елімізде өндірілмеген жаңа 400 өнім түрі шыға бастады.

Ел азаттық алғаннан бергі уақытта экономикаға тартылған барлық шетелдік инвестицияның 70 пайызы осы бірінші бесжылдықта келген. Барлығы 770-тен астам жаңа кәсіпорын іске қосылды.

75 мың тұрақты жұмыс орны ашылып, бүгінде өнеркәсіптік секторда жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны 1 миллионнан асты. Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 60 пайызға артып, әрбір жұмысшы жыл сайын орташа есеппен 20 мың доллардың өнімін шығарған.

Мәселен, қазақтың титаны қазірдің өзінде еуропалық Airbus авиақұрастырушы концерніне қажетті өнімнің 15 пайызын беріп келеді. Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында машина жасау саласы 10 есеге, отандық автокөлік шығару 12 есеге, тракторлар шығару 6 есеге артса, мұнай қондырғыларын шығару 3 есе өскен. Ал, қазір құрылыс материалдарының 80 пайызын өзіміз шығарамыз.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу